"Балконның әлегі": Қарағандыда "шебер" 16 тұрғыннан 8 млн теңге жинап алды

Қарағандыда пластикалық балкон орнатамыз деп тұрғындарды алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, бұрын сотталған 36 жастағы азамат пластикалық балкон орнатамыз деп 16 тұрғыннан 8 млн теңгеден астам ақша алған.

Ол алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. 

Октябрь полициясына шағымдар түскеннен кейін, күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның 16 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберуге дайын. Күдікті қамауда отыр, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында зейнеткер жол апатына "түскен" баласын құтқару үшін 13 млн теңгесінен айырылған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы