Балқашта тағы 92 отбасы «Нұрлы жер» бойынша баспанаға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Балқаштың 92 отбасы баспаналы болды. Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, жетім балаларға және т.б. пәтер кілті табысталды.

Үйлер көпбалалы отбасылар үшін жеке инвестордың ақшасына арнайы салынған. Содан кейін әкімдік оларды сатып алды.

Екінші үлкен қоныс Балқаш қаласының 10-шағын ауданындағы №18 үйде. 45 пәтерлі үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынды. Жалға берілетін тұрғын үйлер мұқтаж балқаштықтарға таратылды. Оның 9-ы жетім, 18-і мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Толық емес отбасылар мен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар тағы 18 пәтер алды.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков пәтер кілттерін табыстады.

Мен бүгін осы бақытты сәтті сіздермен бөліскеніме шын жүректен қуаныштымын. Үйлеріңіз әрқашан жылы және жарық болсын! - деп балқаштықтарды қоныс тойымен Ораз Тәуірбеков құттықтады.

Бес қабатты ғимаратқа қарама-қарсы жаңа тұрғындар қоныстанды. Олар өткен аптада №19 үйдегі пәтер кілтін алды. 45 пәтерлі үй «Нұрлы жер» бағдарламасының кредиттік бағыты бойынша салынды. Тұрғын үй депозиті бар кезекте тұрғандарға 35 пәтер берілді. Олардың шоттарында пәтер құнының 20%-ы болып, конкурстан өтті. Жаңа қоныстанушылар арасында жалғызбасты аналар, жетімдер, дәрігерлер мен оқытушылар бар.

2020 жылы барлығы 160 мұқтаж балқаштықтар көптен күткен баспаналы болды. Олардың көпшілігін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтамасыз етті, «Қазақмыс» корпорациясы өзінің көпбалалы қызметкерлері үшін 46 пәтер мен үй сатып алды. Тағы екі пәтерді Балқаштың жанашыр кәсіпкерлері ауған жауынгері мен көпбалалы жалғызбасты аналарға сатып алды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы