Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Нұрмағамбетов атап өткендей, Атырау облысында да осыған ұқсас жағдай тіркелген.Қарағанды облысында 22 жастағы Балқаш тұрғыны ұсталды. Ол 3 апта бойы тәуелділік пен айла арқылы кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол қызды жалға беретін пәтерлерде қызмет көрсетуге күштеген. Оқиға бойынша 134-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді ол.
Нұрмағамбетов жәбір көргендердің барлығына әлеуметтік психологиялық қызмет көрсетілетінін айтты.Шымкент қаласының тұрғыны 22 жастағы Түркістан қаласының тұрғынын 4 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға күштеген. Күдікті жәбірленушінің жеке мәліметтерін интернетте жариялап, интимдік қызмет атқаратыны туралы хабарландыру жариялаған, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адам саудасы: 70-ке жуық қылмыс жасалған
Өзгелердің жаңалығы