Балқаш маңында жолаушылар автобусы аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Гүлшат кентіне жақын учаскесінде 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті 6 адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
13 желтоқсан күні сағат 12.45-те Ақтоғай ауданында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1918 шақырымында, Гүлшат кентінен 10 шақырым жерде «Мерседес» рейстік автобусы аударылып кетті.
Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болды. Қарағанды облысы ТЖД «Балқаш« трассалық медициналық-құтқару пунктінің 4 қызметкері мен 1 техникасы зардап шекен 6 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында лимон өсірушілер қауымдастығы құрылмақ
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы