Балқаш ауданындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 16 сәуірінде Желтораңғы ауылдық округіндегі дала өрті сөндірілді. Осы ауылдан 25 шақырым жерде шамамен 45 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенген болатын, деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 2021 жылғы 15 сәуірде басталған құрғақ шөп пен қамыстың үш жану ошақғы Ақкөл және Жиделі ауылдық округтерінде орын алды. Үшінші ошақ 15 сәуірде басталған Қарой ауылының маңында тұтанған.
Балқаш ауданында өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және жергілікті атқарушы органдардың 94 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Жану алаңы анықталуда.
Күн сайын, тәулігіне екі рет Қазавиаорманқорғау қызметкерлері аудан аумағындағы жану ошақтарына аэровизуалды тексеруді жүзеге асырады.
10-15 сәуір аралығында қамыс пен қураған ағаштың жануы салдарынан Балқаш ауданының шаруа қожалықтары мен демалыс базалары өрттен зардап шекті. Қарой ауылынан 65 шақырым жерде Іле өзенінің төменгі ағысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жалпы ауданы 400 шаршы метр аумағында 4 қонақ үй, балық қоймасы, 2 қайық, 1 мотор өртенді. Құрғақ шөптің жану алаңы анықталуда. Өртті шаруа қожалығының қызметкерлері сөндірді. Нәтижесінде шаруа қожалығының жұмысшысы, 1959 жылы туған ер адамның беті мен қолын күйік шалған (10%). Жағдайы орташа дәрежеде, Алматы қаласының төртінші қалалық ауруханасына жатқызылды, - делінген ақпаратта.2021 жылдың 12-14 сәуір аралығында Желтораңғы ауылдық округінде өрттен 5 шаруа қожалығы зардап шекті. Өрттен 2 қалқа, 3 уақытша – қора, УАЗ автокөлігі жанып кетті. Сондай-ақ, 11 бас жылқы мен басқа да мал өртенді. Оның нақты саны нақтылануда. Сондай-ақ Қарой ауылдық округінің Жиделі ауылынан 25 шақырым жерде демалыс аймақтарының бірінің аумағында 3 моторлы қайық пен Қайықтың астындағы қалқалары отпен өртеніп кетті.
Құрылған облыстық комиссия өрттің жалпы ауданы және келтірілген материалдық залалды нақтылауда. Алматы облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.