13 Қазан 2026, 19:28 Фото: видеодан скриншот

Балиде бензин тапшылығынан жанармай құю станцияларында ұзын-сонар кезек пайда болды

Индонезияның Бали аралында жанармай жетіспеушілігі салдарынан кептелістер пайда болып, кейбір бекеттер уақытша жабылды.

Индонезияның Бали аралында бензин тапшылығы орын алды. Жанармай бекеттерінің бір бөлігінде бензин таусылып, жұмыс істеп тұрған жанар-жағармай құю станциялары алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Кей жерлерде бұл кезектер жолдың жүру бөлігіне дейін созылып, көлік қозғалысын қиындатып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тапшылық әсіресе аралдың туристік аудандарында, соның ішінде Бадунг, Кута және Оңтүстік Кутада қатты байқалуда. Джембрана округінде жанармайдың жетіспеушілігі 14 май құю станциясына әсер етті.

Жергілікті полиция мұндай жағдайды, ең алдымен, жеткізілімнің кешігуімен байланыстырады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанармай тиелген танкерлердің бірі Sanggaran мұнай базасына уақытында жете алмаған.

Бұдан бөлек, кейбір жанармай құю орындарына жеткізілетін өнім көлемі шамамен 30–40%-ға азайған. Сонымен қатар жеткізу процесіне кептелістер мен жол жөндеу жұмыстары да кері әсер етуде.

Кейбір бекеттерде бензиннің жекелеген түрлері таусылып, Джимбаран ауданындағы жанар-жағармай құю станциясының бірі уақытша жұмыс істемей қалды. Жүргізушілерге жанармайды артығымен алмауға және ажиотаж тудырмауға кеңес берілді.