Балдырғандар еріктілермен бірге көшет отырғызды

Атырау қаласы "Нұрсая" ықшам ауданындағы  №29 балабақшаның бөбектері еріктілермен бірге тал отырғызды. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Жалпы 25 қазан - Республика күні қарсаңында қаладағы бөбекжайлардың алдына 1000 түп көшет отырғызу жоспарланған. 

«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген ата-бабамыз жасыл-желектің маңыздылығын әуелден ерекше бағалаған және ұрпағын ағаш отырғызып, күтіп-баптауға үйреткен, көкті жұлудан тыйған.Елдің көркеюі мен жасыл желекке орануына үлес қосу, оны  жас ұрпақтың санасына сіңіру біздің басты мақсатымыз,-дейді Атырау облысы ішкі саясат  басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова. 

Шара қонақтары  қалалық ардагерлер қоғамының жетекшісі  Кеңес Қосыбаев пен Атырау облысы Ішкі саясат   басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова  жастарға ыстық ықыласын білдіріп, осындай өрендер еліміздің ертеңгі беткеұстар азаматы боларына сенім білдірді.  Атырау жастары көршілес Батыс  Қазақстан облысының «Ақжайық жастарына» эстафетаны жолдап, бейнесәлемдеме жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы