Ата-ана баласын үйде оқыта ала ма? – министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды мектепке бармай үйде оқыту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
Home school деген қозғалыс не тренд бар. Батыста, Ресейде қарқынды дамып жатыр. Мұндай жағдайда біздің айтарымыз, қолданыстағы заңнамада денсаулығына байланысты сәйкес куәлігі бар тұлғаларға ғана үйден оқыту қарастырылған. Осы мақсатта оларға жағдай жасалады. Мұғалім үйге келіп, жеке оқу бағдарламасын әзірлейді, - деді білім және ғылым министрі.
Аймағамбетов оқушыларға үйден гөрі мектепте білім берудің артықшылығы туралы айтты.
Балалар қатарластарымен бірге оқып, әлеуметтік ортаға қажетті өмірлік және жүріс-тұрысына маңызды дағдыларды алып шыққанын қалаймыз. Мектепте білім алу қажет, өмірде маңызды. Балалардың мектепте бақытты болуына және қуана-қуана мектепке баруына жағдай жасайтын боламыз, - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәсихатында.
Оның айтуынша, министрлік балаларға медициналық куәлігіне қарамай үйде оқытуға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.
Мұндай сұрақтар қарастырылып жатыр. Әрі қарай шешім қабылдайтын боламыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тапшылық сезілгенде ғана АЭС салынуы мүмкін
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы