Баласы анасын балмұздақ әпермегені үшін қамағысы келген
АҚШ-та балмұздақ бермеген анасын соттатып жібергісі келген баланың видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ BCC-ге сілтеме жасап.
Анам өзін жаман ұстады, - дейді бала 911 нөміріне қоңырау шалып.
Полиция бірден үйдің адресіне жетіп келген. Қызметкерлер үйдің есігін ашқан анасына "Біз үйде бәрі дұрыс екеніне көз жеткізуге келдік" дейді.
Анасы аң-таң, баласына қарап "Мен саған не істедім? Полицияға хабарластың ба?" деп сұрайды.
Есік алдына келген баласы полицияға хабарласқан себебі айтқан.
Иә, анамды түрмеге жіберу үшін. Өйткені ол маған балмұздақ бермеді, - дейді арызданған бала.
"Саған қауіп төнбесе, 911-ге қоңырау шалудың керегін жоқ, жақсы ма?" деп полиция түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.
Келесі күні полиция қызметкерлері үйге қайтып оралды. Осы жолы балаға балмұздақ әкеліп берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Кезекті айла". Зеленский Путиннің сөзіне сенбейді
Өзгелердің жаңалығы