"Балақайлар мектебі": Қазақстанда 90 мыңға жуық бала мектепалды дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға тең мүмкіндік беру мақсатында "Балақайлар мектебі" атты қысқа мерзімді мектепалды дайындық бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бағдарлама мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленіп, мектепке дейінгі білім мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталды. Оқыту барысында балалардың физикалық, коммуникативтік, интеллектуалдық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары дамытылды.
Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамованың айтуынша, жазғы үш ай ішінде 90 мыңға жуық бала қамтылды: оның ішінде 60 мыңға жуығы қалада, ал 30 мыңнан астамы ауылдық жерлерде дайындықтан өткен.
Мектепалды дайындық бір айға есептелген және оны бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық педагогтері жүргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Лондонда карнавал кезінде 420-дан астам адам қамауға алынды
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы