Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады

Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

Оны төмендегі белгілер бойынша біле аласыздар:️

- баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;

- жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;

- араласатын ортасы өзгерсе; ️ сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса; ️

- күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса; ️ 

- жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.

Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы