Баланың сау тісін жұлып алған дәрігер өтемақы төлейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз соты моральдік зиянды өтеу туралы істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеншілер қаласының тұрғыны стоматологиялық клиникадан үш жасар қызының сау тісін қателікпен алып тастағаны үшін өтемақы талап еткен.

Қызға "созылмалы перидонтиттің асқынуы" диагнозы қойылды. Стоматолог анестезия және гемостазбен тісті алып тастау туралы жазып берген. Кейінірек дәрігердің басқа тісті алып тастағаны анықталған. Нәтижесінде бала екі тістің орнына үшеуінен айырылып қалған. Дәлел ретінде сотта бейнежазба ұсынылған. Стоматологтың қателігі үшін әйел моральдік зиянның орнын толтыру үшін миллион теңге төлеуді талап еткен.
Істің нақты мән-жайын ескере отырып, сот әйелдің талабын ішінара қанағаттандырып, ЖШС-ден 300 мың теңге өндіріп, мұндай өтемақы мөлшерін жеткілікті және әділ деп есептеді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ, - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Әнел Құсанова
.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы