Баланы баспалдақ таянышынан төмен салбыратқан қатыгез тәрбиеші жұмыстан қуылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл обылыстық полиция департаментінің басшысы Тараздағы балалар үйіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"7 қазанда Facebook әлеуметтік желісінде "Үміт" балалар үйінің кішкентай тәрбиеленушілеріне қатыгездік танытқан әйелдің әрекеті түсірілген бейнежазба тарап кетті. Дәл сол күні Жамбыл облыстық полиция департаменті балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.

Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларынан бейнежазба алынды. Қажетті сараптама тағайындады. Сот шешімі шыққанға дейін тәрбиешіні қызметінен босату туралы облыс әкімдігіне ұсыныс жолданды. Бұл факті бойынша қозғалған іс менің жеке бақылауыма алынды", - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев Facebook-тегі парақшасында.

ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы сәйкес "Кәмелет жасқа толмағандарға білім беру бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін" жетімдер үйінің тәрбиешісіне 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылады немесе үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды қоса алғанда 40 тәулікке қамалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, тәрбиешінің балалардың біреуін жұлып алып, шығаберістегі  баспалдақ таянышынан асырып жіберіп, біраз уақыт бойы бала басымен төмен қарап тұруға мәжбүр болған бейнежазба әлеуметтік желіде жедел тарап кеткен еді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы