Баландин Әлем чемпионатының финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады. 

Іріктеу кезеңінде 11-ші орында болып жартылай финалға өткен болатын. Жартылай финалдық бәсекеде біздің спортшы аталған қашықтықты 2:08.9 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтті.

Бұл Баландиннің биылғы маусымдағы үздік нәтижесі.  Жалпы есепте Рио Олимпиадасының чемпионы жетінші орынға табан тіреп, ақтық сынға өткен үздік сегіздік қатарына енді.

Әзірге бірінші орында австралиялық Мэтью Уилсон (2:06.67) тұр. Уилсонның көрсеткіші әлемдік рекорд саналады.  Сондай-ақ, ақтық сынға өткен спортшылар қатарында Антон Чупков (Ресей), Эндрю Уилсон (АҚШ), Зак Стаблти-Кук (Австралия), Эрик Персунн (Швеция), Ипэй Ватанабэ (Жапония), Марко Кох (Германия) бар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы