3 Қараша 2026, 16:35 Фото: видеодан скриншот

«Балаң өліп қалсын»: Алматыда теріс пікір үшін қарғыс айтқан пәтер иесі қамауға алынды

«Пікірді өшір»: Павлодардан келген отбасыға сес көрсеткен пәтер иесі жазаланды.

Павлодардан баласын емдету үшін Алматыға келген отбасы қорқыту мен балағаттауға тап болған. Пәтер жалдауға байланысты туындаған жанжал қорқыту әрекеттеріне ұласқан. Нәтижесінде пәтерін жалға берген ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар қаласынан келген отбасы баласын медициналық тексеруден өткізу үшін пәтер жалдаған. Алайда баспана уәде етілген талаптарға сай болмаған. Үй иелері пайдаланылмаған бір тәулік үшін төленген 20 мың теңгені де қайтармаған.

Осыдан соң әйел теріс пікір қалдырғаннан кейін, оларға пәтерді жалға берген ер адам хабарласып, пікірді өшіруді талап еткен. Артынша әңгіме балағаттау мен қорқытуға ұласқан. Тіпті «балаң өліп қалсын» деп аудиожазба жазып жіберген.