15 Қараша 2023 2023, 12:04
Фото: Скрин
Баламды әскерге өзім жетектеп апарамын – Қорғаныс министрі
Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өз баласын әскерге жетектеп апаратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өз баласын әскерге жетектеп апаратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір оның жасы жиырмада – студент. Оқуын тәмамдаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Алайда арнайы құрылымдарға барғаны абзал, - деді Жақсылықов.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында министр депутаттың сұрағына жауап беріп, лауазымды тұлғалардың балаларын әскерке міндеттеу бойынша бөлек норма қажет емес екенін айтқан еді. Оның айтуынша, заң барлығына бірдей.