Балаларына 350 млн теңге қарыз 150 борышкер ақшасын құмар ойындарға жұмсаған

Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің құмар ойындарына қатысуын анықтап, олардың қатысуына шектеуге бағытталған жаңа тәсілді енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қалалық прокуратурасы талдау нәтижесінде 150 борышкердің өз балаларына 350 млн теңге қарыз бола отырып, құмар ойындарға қатысқаны анықталғанын мәлімдеді.

Биыл алимент қарызы 2,5 млн теңгені құраған борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке айналыммен құмар ойындарға қатысқан.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке сот орындаушылары 150 борышкерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.

Бұл шектеудің жаңа түрі борышкерлердің ақшаны орынсыз жұмсауын болдырмайды.

9 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңына сәйкес, елорда прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 444-бабына сәйкес, аталған заңнамалық талаптарды сақтамаған жағдайда айыппұл салу, ал қайталанған бұзушылықтар үшін - лицензияның күшін тоқтату түрінде жаза қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы