«Балаларымыз – аманатымыз!» қайырымдылық акциясы басталды

Алматыда 1 маусым –халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық жобасы басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Акция аясында «Жанұя», «SOS Алматы Балалар ауылы», «Мейірім», «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» секілді ұйымдардағы балаларға балмұздақ таратылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараны «AMANAT» партиясы мен «Шин-Лайн» компаниясы бірлесіп өткізді. 

Қайырымдылық жобаларың маңыздылығы зор. Біз балаларымыздың дамуына, өз әлеуетін арттыруына жағдай жасаумыз қажет. Еліміздегі беделді кәсіпкерлерді жетім балаларға, сондай-ақ балаларды асырап алған немесе қамқорлыққа алған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз, – дейді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.

Еліміз бойынша қайырымдылық жобасы 20 өңірде өткізіліп, 8 мыңдай бала тәрбиеленіп отырған 100-ге жуық мамандандырылған мекемелерді қамтымақ. 

Қазіргі таңда әлемде отбасылық құндылықтарды сақтау мен тұрақтылық төңірегінде өзекті мәселелер баршылық. Әрбір балаға қолдау көрсету азаматтық парызымыз. Балалар еліміздің болашағы, олардың бақытты өмір сүруіне күш салуымыз керек. Акцияға қатысуға кәсіпкерлерді шақырамын, – дейді «Шин-Лайн» компаниясы тобының президенті және қалалық мәслихат депутаты Андрей Шин. 

Алматыда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйымдарда балалар санының азайғанын байқауға болады. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша 3366 бала асырап алу тізімінде тұр екен. 

Қайырымды жандар, ұйымдастырған «Балаларымыз - аманатымыз!» науқаны жақсы үрдіске айналып, болашақта да елімізде жүйелі түрде өткізіліп отырады деген үмітте. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «AMANAT» партиясы
Өзгелердің жаңалығы