Балаларымның өндіріс саласында жұмыс істегенін қалаймын - металлург

Елімізде 90 мыңға жуық адам металлургия саласында жұмыс істейді. Сол еңбек адамының бірі Шихта дайындау цехының бас инженері Қайырбек Мархабатов. Ол өндіріс саласының қызығы мен қиындығын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

-Металлургия саласына қалай келдіңіз?

Тау-кен саласында жұмыс істеп жүргеніме 16 жыл болды. Өзім Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық университеттің түлегімін. Металлург болуға түрікті болған марқұм әкем. Әкем зауытта жұмыс істейтін, сол кезден салаға дейін қызғушылық пайда болды. Мені жаңа оқу жылына дейін аз-кем ақша тапсын деп еңбекке баулыды.

-Сіз қандай қызметтер атқардыңыз? Металлургтердің қызметі жиі ауысып тұра ма?

Мансабымның енді басталған кезде балқыту цехында жұмыс істедім, кейін бір жыл отан алдындағы борышымды да өтеп үлгердім. Зауытта қарапайым жұмысшы қызметінен бастадым. Зауытта балқытушы кейін күйдіруші қызметінде істедім. Осылайша бірте-бірте саты бойынша жорағыладым. Қызметім цех басшысына дейін көтерілді. Бүгінгі таңда мен цехтың бас инженерімін.

-Металлург болғысы келген жандарға қандай кеңес бересіз? Қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?

Металлург болу - шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Бірақ ауытпалығы бар болғанымен, жұмыстың қызығы да бар. Зауытқа жан-жақтан мыстың шикізаты келеді. Атап айтсақ, Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикалары. Біз шикізатты дайындап, әрі қарай балқыту цехына жібереміз. Жұмыс өте тиянақты жасалады. Алға қойған жоспарымыз белгіленген күнде орындаймыз. Металлургтер техникалық қауіпсіздікті мұқият сақтауы керек.

- Металлургияға жастардың қызғушылығы қалай? 

Көп жастар өндіріске емес, көбіне экономика, аити салаларына қызығады. Өзім төрт баланың әкесімін. Балаларымның да мен сияқты өндіріс саласында жұмыс істегенін қалаймын. Әрине, оны келешек көрсетеді. Меніңше, жастар ақшаның оңай жолмен келмейтінін түсінуге тиіс. Бүкіл жер қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан елімізді өркендетуге үлес қосқысы келсе, өндіріс саласына келсін. Адал еңбектері әркез ақталады.

-Әңгімеңізге рахмет!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы