Балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейтіні рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте оқушылардың ата-аналарын балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіндігі туралы хабарламалар таратылуда.
Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен. Оған қол қойған ата-ана баласын КВИ қарсы егуге рұқсат береді. Алайда stopfake.kz сайты бұл ақпараттың фейк екенін жазды.
Шын мәнінде, мұндай бланкілер қазақстандық оқушылардың ата-аналарына берілмейді. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді.
Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаларға бірдей жасалмайды. Оны Манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Диаскин-тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакцинация да мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда да, әлемде де бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.Демек, ата-аналарды балаларды егуге келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат фейк. Елімізде диаскин-тест те, тұмауға қарсы вакцинация да мектептерде жүргізілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Футболдан Италия құрамасы әлемдік рекорд орнатты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы