Балаларға суға батып бара жатқан адамды құтқару техникалары көрсетілді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс орталығында аталған акцияны өткізу орны ретінде Қонаев қаласының қалалық жағажайы таңдалды. Іс-шара барысында балалар мен ересектерге суға батып бара жатқан адамды құтқару және оған алғашқы дәрігерге дейінгі комек көрсету бойынша демонстрациялық қойылым, өрт сөндіру және құтқару техникаларының ашық көрмесін көрсету ұйымдастырылды.

Балалармен және олардың ата-аналарымен өрт қауіпсіздігі ережелері және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді.

Сонымен қатар балалаға осы ережелерді сақтауды үйретуге бағытталған судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білу бойынша конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Осындай іс-шаралар бүкіл Алматы облысының аумағында өткізілді. Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы