Балаларға арналған спорт секцияларының саны 70 мыңға артады
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балаларды қорғауға Үкіметтік емес ұйымдар үлкен үлес қосып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде 120-дан астам қоғамдық ұйымдар осы бағытта белсенді жұмыс істеуде. Еліміздегі 3 млн 800 мың баланың білім алу құқығы орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда. Балалардың өз жетістіктерін халықаралық деңгейде көрсетуіне жағдай жасалған, - дейді ол.
Оның мәлімдеуінше, балалар арасындағы халықаралық олимпиадада Қазақстан қоржыны тағы 23 медальмен толықты (2 алтын, 11 күміс, 10 қола).
1 млн 200 мың жас спортшы үшін халықаралық және ұлттық оқушылар гимназиядасы, Ұлттық мектеп лигасы, басқа да көп деңгейлі спорттық іс-шаралар өткізіледі, - дейді Оспан.
Вице-министр 2025 жылға қарай мектеп спорт секцияларының санын 50% қамтумен 70 мыңға ұлғайту жоспарланып отырғанын атап өтті.
Балалар күннің үштен бір бөлігін мектепте өткізеді және олардың денсаулығы уақтылы тамақтанумен тікелей байланысты осыны ескере отырып, биылдан бастап 1 миллион 700 мыңнан астам балаға тегін мектеп тамағын ұйымдастырдық. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 450 мыңнан астам оқушыға жыл сайын жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық қолдау көрсетіледі, - деді Еділ Оспан.