Балалардың құқықтары мен мүддесі бірінші орынға қойылуы керек - ЮНИСЕФ

Бүгін "Медиа - этика және балалар құқықтарын қорғау" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында балалардың құқығы жайлы бірнеше мәселелер қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысының орынбасары Летисия Баззия-Вэйл балалар құқығын қорғауды басты назарға алу қажет екенін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, ЮНИСЕФ ұйымы баланың құқықтары мен баланың мүдделері, әл-ауқаты бәрінен де жоғары.

Біз БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде балаға қатысты, балалардың ісіне қатысты әртүрлі репортаждар мен хабарларды қаалй беретініне өте қатты мән береміз. Себебі қазіргі уақытта әлеуметтік желілелер мен ақпарат кеңістігі балалардың өмірі мен тағдырына үлкен әсер етеді. Қоғамның балаларға деген көзқарасын қалыптастырады, - деді ол.

Сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілерде балалар мәселесін этикалық тұрғыдан көрсету үлкен мәселе екенін жеткізді.

Балалар туралы хабар тарататын кезде олардың мүддесі, балалардың тағдыры әрқашанда бірінші орында тұруы керек. Сонымен қатар олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне , құқықтарының сақталуына да аса көңіл бөлу керек. Балалардың БАҚ-та болғанын шектегіміз келмейді. Керісінше сол балалардың істері бойынша әртүрлі репортаждар арқылы балалардың үнінің естілгенін қалаймыз, - дейді Летисия Баззия-Вэйл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы