Балаларды зорлаған маңғыстаулық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Маңғыстауда екі баланы зорлаған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасаған М. кінәлі деп танылды. Бірінші сатыдағы сот сотталушының әйелмен бірге тұрғанын, балаларын зорлағанын анықтады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша оған 25 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімін қайта қарады.

Апелляциялық шағымда жәбірленушілердің адвокаты тағайындалған жазаның жұмсақтығын көрсетіп, М. - ға қатысты үкімді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына өзгертуді сұрады. 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен М.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертіліп, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Істің жабық режимде қаралуына байланысты өзге де мәліметтер жария етілмейді,- деп толықтырды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы