Балаларды желіден шектеу: Үкімет батыл шешім қабылдауға ниетті
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалардың деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнама аясында балалардың жеке деректері бекітілетін платформаларға бақылау қатаңдатылады.
Балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау мақсатында оларды әлеуметтік желілерге тіркеу, қолжетімділік және пайдалану жасына қатысты заңнамалық тетіктер әзірленіп жатыр. Бұл мәселелер біздің эксперттермен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп талқылануда. Балаларды зиянды контенттен қорғау үшін жас ерекшеліктеріне байланысты бірқатар нақты тетіктер бекітіледі, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов аталған бағытта батыл шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.
Осы бағытта батыл шешім қабылдау қажет, – деп түйіндеді Үкімет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар күндізгі қысқа ұйқының пайдасы туралы айтты
Өзгелердің жаңалығы