Балаларды көліктің алдыңғы орындығында тасымалдаудың 5 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның дәстүрлі брифингінде айтты.

«Абайлаңыз, балалар» жедел шарасы аясында полиция 134 мыңнан астам жол қозғалысы тәртібін бұзудың жолын кесті. Жол қиылыстарында 8 мың тәртіптің бұзылуы анықталды. 8,5 мың дерек жаяу жүргіншілер мен балаларды тасымалдау бойынша тіркелді. Көліктің алдыңғы орындығында балаларға арналған орындықсыз тасымалдау бойынша 5 мың дерек тіркелді, - деді ол.

Нұрділдә Ораз айтқандай, ай ішінде мектеп маңындағы 3 мың жол белгісі қайта орнатылған.

18 мың тротуар абаттандырылды. 7 мың мектепте жол қозғалысы бойынша жағдайды жақсарту әкімдік пен Білім басқармасына бағытталды, - деді Ораз.

Осыған дейін ол сотталғандар қандай тәртіп бұзғанын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы