Астананың Білім басқармасы балаларды балабақшаға апармауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ата-аналарға мүмкіндік болса, балаларды үйде қалдыруға кеңес береді.
Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланған.
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанындағы комиссия алдын алу шараларын күшейтуде, - делінген хабарламада.Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы орта білім беру мекемелерінде (мемлекеттік және жеке меншік мектептер) вирустың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін оқушыларға демалыс жарияланды. Қосымша білім беру ұйымдары да (үйірмелер) демалыс уақытында жұмысын тоқтатады. Осы уақыт ішінде колледж студенттері қашықтықтан оқытылатын болады.
Сондай-ақ, балабақшалар жұмыс істейді. Ата-аналарға мүмкіндік болса, дене қызуы және ЖРВИ белгілері бар болған жағдайда балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. Құрметті ата-аналар, сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Италияда көз жұмғандар саны 1000-нан асты
Өзгелердің жаңалығы