Балалардағы қабыну аурулары мен коронавирустың байланысы бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия мен Ұлыбритания мамандары коронавирус пен балалардағы қабыну ауруларының бірқатар жағдайларын зерттеуде. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар үш балаға сирек кездесетін қабыну синдромы диагнозы қойылды. Бұл Еуропадағы дене қызуы жоғары және ісінген күретамырмен ауруханаға жатқызылған көптеген кәмелетке толмаған балалардағы жағдаймен ұқсас. Дәрігерлер аталған бұл екі фактордың арасындағы байланыс мүмкін деп алаңдайды.

Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Майк Райан ата-аналардан бұған алаңдамауды өтінді.

Мен барлық ата-аналарға балалардың басым көпшілігі ауруды жеңіл өткізіп, толықтай сауығып кететінін айтқым келеді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы