Балаларда коронавирустың жаңа белгілері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зерттеуге қатысқан балалардың 83 пайызының терілері мен шырышты қабаттарында өзгерстердің пайда болатыны анықталды, деп жазды zakon.kz.
Нью-Йорк университенің ғалымдары вирусқа шалдығып, қабыну процестері болған балалардың симптоматикалық процестерін зерттеген. Осылайша балалар ағзасында COVID-19 кезінде болған бірқатар белгіні анықтаған.
Вирустың қабыну процесі қатар жүрген балалардың тері мен шырышты қабаттарында өзгерістер болған. Атап айтқанда алақан мен беттері қызарып, көздері ісінген, сондай-ақ тілдері ашық қызыл реңкке боялған. Мұндай процесс қабыну жағдайында балалардың 83 пайызында болған.
Ғалымдар сондай-ақ вирус өкпе қабынуымен қатар, жүрек, қан тамырлары мен баланың ми клеткаларын зақымдайды деген байламға келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы