«Балалар жылы» өткізілетін іс-шаралар таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі.  Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова «Балалар жылы» аясында қандай іс-шаралар іске асырылатынын айтты.

Жоспар 7 бағыт бойынша 66 іс-шараны қамтиды. Сонымен қатар өңірлік, аудандық және қалалық жоспарлар бекітілді. Жұмысты ұйымдастыру үшін әкімдіктер мен басқа да министрліктермен бірге жедел штаб құрылып, нұсқаулық әдістеме әзірленіп, жеткізілді, - деді ол. 

Оның айтуынша балалар жылын іске асыру үшін 12 орталық, 17 жергілікті орган, 130 үкіметтік емес және 20 мыңнан астам ұйым қатысып жатыр.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін 34 мыңнан аса орынға 322 балабақша ашу көзделген. Жекеменшік балабақшалаларда келеңсіздіктерге жол бермеу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезектіліктің бірыңғай базасын құру жұмысы жүргізіліп жатыр, - деді Қаринова Үкімет отырысында.

Сондай-ақ спикер биыл алғаш рет 22 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылатынын мәлім етті.

Үкімет отырысында балалар жылын өткізу мәселесі қаралып жатыр. Онда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеме жасап жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы