Балалар қазақ ұлттық хореография академиясына қабылданады
Қазақ ұлттық хореография академиясына оқуға қабылданатын балалар үшін іріктеу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақ ұлттық хореография академиясына оқуға қабылданатын балалар үшін іріктеу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім еткендей, Қазақ ұлттық хореография академиясы 4-5-сыныпқа балаларды қабылдау үшін іріктеу басталғанын хабарлайды.
Құжат тапсыруға еліміздің түкпір-түкпірінен 9-11 жастағы балалар қатысады. 2024 жылдың 12 ақпаны мен 24 сәуірі аралығында барлық облыс орталығында алдын ала іріктеу кезеңі өтеді.
Іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын туралы ақпарат Академияның balletacademy_kz әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастырылады. Жолдама алған балалар үшін қабылдау емтихандары 2024 жылдың маусым-шілде айларында өтеді. 4-сынып оқушылары хореографиялық өнер бойынша бейіндік даярлығы бар өнер саласындағы мамандандырылған мектепте дәріс алады, - делінген хабарламада.
Ал 5-сыныпқа қабылданған балалар – кәсіптік білім беретін мектеп-колледжінде «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша оқиды. Оқу кезеңі - 7 жыл 10 ай.