Балалар қауіпсіздігі. Жарақаттарды алдын алудың жолдары қандай
Ертіс өңірінде жыл басынан бері балалар арасында жарақат алудың 19 мыңнан астам дерегі теркелді. Бұл өткен жылғы кезеңмен саолыстырғанда 2,2%-ға кеміген. Дәрігерлер жасөспірімдердің өміріне алаңдаушылық білдіріп, алдын алу шараларын күшейту керектігін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Травматолог-дәрігерлердің айтуынша, жеткіншектердің арасында тіркелетін жарақаттардың 1300-ден астамы ауыр және орташа деңгейде. Сараптамаға сәйкес балалардың басым бөлігі тұрмыстық жағдайда және далада жарақат алып, аураханаға түскен.
Өкінішке қарай, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық салдарынан балалардың зардап шегу оқиғалары азаймай тұр. Нақтырақ айтқанда, жеті ай ішінде 50 бала жарақат алған. Көбінесе жағдайы нашар жанұяларда тәрбиеленетін ұл-қыздар жарақаттанған. Ата-аналардың қарауынсыз қалған кездегі оқыс оқиғалар да баршылық.
«Балалардың үйден бірнеше күн шықпаған, тамақ ішпей қалған жағдайлары да тіркеліп жатады. Яғни, бала ұрып-соғуға ұшырамаса да, бұл тұрмыстық жарақат болып есептеледі. Көбінесе қараусыл қалған балалар, яғни, «таяқ жемеген» балалар. Десе де, отбасылық жағдайда жарақат алу деректеріне қосылады, - дейді мамандар.
Облыстың штаттан тыс бас балалар нейрохирургі Талғат Қасымбековтың айтуынша, балалардың биіктіктен құлауы назар аударар жайттардың қатарында. Биыл 21 бала терезеден құлап, екеуі көз жұмған. Әсіресе, жаз мезгілінде жарақат алулар көбейе түседі.
«Өңірдегі балаларға арналған емдеу мекемелерінің жарында жарақаттар бөлімшелеріне тиесілі 60 төсек-орын бар. Бір тәулікте дәрігерлер 75-ке жуық кішкентай науқасты қарауы мүмкін. Сонымен қатар, бір күнде бірнеше операция жасау деңгейіне жеттік. Ақ желеңділер емдеу шараларымен қатар, жарақаттарды алдын алуға бағытталған шараларға белсенді қатысады. Тақырыптық дәрістер, бұқаралық жиындарға қатысамыз. Мақсатымыз ересектерге толыққанды ақпарат беру. Мәселен, қарауымызға бір жеткіншек әкелінді. Ата-анасының айтуынша, балалары жай құлап түскен. Сұрай келе, жасөспірімнің түнгі уақытта мотоцилді тізгіндеп, қатты аударылып қалғаны анықталды. Біз өз тарапымыздан науқасты компьютерлік томографиядан өткіздік. Нәтижесінде оның ішкі органдары қатты жарақаттанып, бас-миының сүйегі зардап шеккені белгілі болды. Осындай жағдайлар көп кездесіп жатады», - дейді Талғат Қасымбеков.
Статистикалық мәліметтеге сүйенсек, Екібастұз өңірінде жеткіншектердің жарақат алу деректері 10%-ға артқан. Жыл басынан бері төрт мыңнан астам бала түрлі факторлардан зардап шексе, олардың 200-ден астамы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.
Екібастұз қалалық ауруханасы басшысының орынбасары Светлана Подзорованың айтуынша, балалар тұрмыстық жағдай, жол апаттары және улану салдарынан емдеу мекемелеріне түскен.
«Жол-көлік оқиғалары салдарынан алынған жарақаттар күрт өсті. Бұны жаз кезеңінде самокат, скутер және мопедтердің көбеюімен байланыстырып отырмыз. Байқағанымыздар, балалар осы көлік түрлерін тізгіндеген кезде қауіпсіздік құралдарын пайдаланбайды. Сонымен қатар, осы құралдардың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді. Ал балалар өздерінің ғана емес, айналағы балалардың да өміріне қауіп төндіреді. Мәселен, жуында аураханамызға 14 жастағы бала түсті. Ол мопедпен көшеде келе жатқан итпен соқтығысып, басын жарақаттап алды. Жасөспірім үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, екі апта бойы ем қабылдады. Тағы бір жеткіншек скутерден құлап, ауыр бас-ми жарақатын алды. Ол төрт күн жансақтау бөлімінде жатты. Әсіресе, бас жарақаттарының салдарын болжау аса қиын. Сондықтан, баланың басы ауырып, психикалық бұзушылықтар сияқты белгілер байқалса да, дәрігерлердің қарауына келген жөн», - дейді Светлана Подзорова.
Травматологтардың айтуынша, есеректер балаларда қауіпсіз ортада қараусыз қалдырмаған жөн. Дәл осындай жағдайда ұл-қыздар жарақаттануы мүмкін.
«Терезелердің ашық қалуы, тұрмыстық техниканың қосулы болуы, тұрмыстық химиялық заттардың ашық жерде жатуы да жарақаттарға әкелуі мүмкін. Биыл елуден астам бала уланып қалды. Мәселен, екі жасар сәби ас үйдегі пешті тазалауға арналған сұйықтықты ішіп қойған. Бала бірден жансақтау бөліміне түсті. Тұрмыстық химиялық заттардың құрамында қауіпті қышқылдыр, сілтілер бар. Бұл заттар баланың ішкі органдарын күйдіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан, ересектер бұл заттарды ашық жерде қалдырмағаны жөн», - дейді дәрігерлер.
Өкінішке қарай, ауыр жарақат алу салдарынан 18 бала көз жұмған. Негізгі себептердің қатарында улану, жол-көлік оқиғалары мен биіктіктен құлау бар.
Еске сала кетсек, жуырда павлодарлық дәрігерлер әткеншектен ауыр жарақат алған сәбидің өмірі үшін күресті. Үш жарым жасар сәби ойын алаңында ойнап жүріп, әткеншектен соққы алған. Оқыс оқиға салдарынан баланың құрсақ бөлігі ауырып, ауруханадан бір-ақ шыққан.
Құрсақ қуысы органдарының ультрадыбыстық диагностикасын жүргізу нәтижесінде баланың ішіне үлкен көдемде қан жиналғаны анықталды. Әткеншектың соққысы салдарынан бауырының оң жақ бөлігі жарылып, қатты қан кеткен. Қазіргі уақытта оның денсаулығы тұрақты.