Балалар күніне орай оңалту орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 төсек-орынға лайықталған.

Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Тағы ескерерлігі, өз еркімен қимылдай алмайтын балалар арнайы анықтама қағазы арқылы ата-анасымен келіп орталықта ем қабылдай алады. Оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы