Балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу мәселесі зерттеліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева хабарлады. Қазір әлем елдерінде 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатқаны белгілі.

Ал біздің елімізде болашақ аналар мен балалар арасында екпе салудың қауіпсіздігі зерттеліп жатқан көрінеді. Зерттеу барысында оның індетке қарсы тиімділік деңгейі ескерілетін болады.

Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу үшін ол ең бірінші кезекте дәлелденген болуы тиіс. Соған байланысты әзірге бұл мәселе зерттелу сатысында деп айта аламын. Яғни елімізде иммунизация саласындағы тәуелсіз сарапшылар тобы жұмыс істеуде. Олар әлемдік әдебиеттер, дәрілік нұсқаулықтар, зерттеу нәтижелерімен терең танысуда. Бұл жұмыстың барлығы қатар жүргізілуде. Өндірушілерден сәйкес нұсқаулық пен тәуелсіз сарапшыларымыздың қорытындысын алған соң барлығы сарапқа салынады, - деді Айнагүл Қуатбаева.

Ал эпидемиолог мамандар әр жаңа мутация пайда болған сайын вирус күшейіп, аурудың ағымы да өзгеріске ұшырағанын айтып дабыл қағуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы