Балалар лагеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда
Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын алу шаралары. Биылғы жылы сумен жабдықтаудың жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын және балалар тұратын жерлерде гигиена нормаларының сақталуын бақылау шаралары күшейтілетін болады. Әр лагерьде қажетті көмек көрсету үшін медициналық персоналдың болуы қарастырылған.
Әрбір лагерьге бекітілген ықтимал эпидемиологиялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 100-ден астам оқыту семинарларын өткізді, 163 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірмелер ұйымдастырылды, оларды сақтау ашылуға рұқсат алу үшін қажет.
Балалар мен олардың ата-аналарына жеке гигиена және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ лагерьлерде таратылатын жадынамалар мен ұсыныстар әзірленді.
Мониторинг және бақылау. Шомылу орындарында су айдындарының 95 су сынамасы және топырақтың 41 сынамасы іріктеліп алынды, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.
45 маусымдық қала сыртындағы лагерь мониторинпен қамтылды (Ақмола – 9, Жетісу – 5, Қостанай – 6, Қызылорда – 8, Павлодар – 7, Солтүстік Қазақстан облысы-10).
Маусым бойы су айдындары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Балалардың жазғы лагерьде қауіпсіз болуының негізгі талаптары: лагерь аумағы қоршалуы, ауыз суды үздіксіз беру, ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, желдету ұйымдастырылуы тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі.
Балалардың қауіпсіз демалуы үшін келесі ұсынымдарды орындау қажет.
Жазғы балалар ұйымдарының иелеріне:
- Балалардың келуі басталғанға дейін лагерьлерді ашуға уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету және лагерьдің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.
- Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жоқ тұлғаларды балалармен және ас блогымен жұмыс істеуге қабылдамау. Қызметкерлерді медициналық тексеруге уақтылы жіберу.
- Балалардың саны лагерьдің қуатына (жатын бөлмелері, ас блогындағы технологиялық жабдықтар) сәйкес келуі тиіс.
- Балалар ауруының алғашқы белгілерінде – жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласу.
Ата-аналарға:
- Лагерьді таңдау кезінде Комитет сайтында орналастырылған балалар сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алу.
- Баланы қала маңындағы лагерге жібермес бұрын оның әл-ауқатын тексеру қажет. Баланың аллергиясы, созылмалы аурулары және тағамдық артықшылықтары туралы еріп жүретін адамға (мұғалімге) алдын-ала ескерту, бұл туралы баланың медициналық анықтамасына да жазба жасалуы тиіс.
- Бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жүгіну (байланыс телефондары мен мекенжайлары ресми сайттарда орналастырылған) қажет.