Балалар кардиохирургия орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында айтты.
Министр 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.
Бұл ретте, 2020 жылы 10 мыңға жуық ЖТМК қызметі көрсетілді.Денсаулық сақтау жүйесінің мамандары жаңа медициналық технологияларды іздестіру мен енгізуді тұрақты негізде жүргізеді. Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыты Халықаралық деңгейде табысты бәсекелесе бастады. Біздің елімізде жоғары технологиялық медициналық көмектің 78 түрі бойынша халыққа қолжетімділік қамтамасыз етілген, - деді ол.
Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап елімізде органдарды трансплантациялау технологиялары белсенді енгізілуде. 2020 жылы 112 трансплантация жасалды. 2020 жылы 3D басып шығару технологиясы бойынша жеке үлгіленген жасанды омыртқалы денені (протезді) орнату, бас сүйек нервтерінің микроваскулярлық декомпрессиясы кезіндегі эндоскопиялық ассистенция сияқты бірегей технологиялар енгізілді, - деді Цой.
Министр биыл Назарбаев Университеті жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.
2021 жылы гамма-пышақ аппаратын қолданумен ОЖЖ ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі, жүрекішілік стимуляторды транскатетерлік импланттау технологияларын игеруді және енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Семей қаласында Ядролық медицина орталығының құрылысы аяқталды. Орталықтың толық қызмет спектрі 2021 жылдың маусым айынан бастап көрсетілетін болады. Сондай-ақ, биыл Назарбаев Университеті жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарда бар, - деді ол.