"Балалар есінен танып қалды": Қостанайдағы сырғанақтар тексеріледі

Қостанай қаласындағы сырғанақтар тексеріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист "Кеше Қостанайда бірнеше бала сырғанақтан жарақат алғаны белгілі болды. Екі қыз есінен танып қалған. Ол жерде құтқарушылар болған ба? Жалпы тексеріс жүргізіле ме?" деп сұрақ қойды.

Екі қыздың ауруханаға түскенін естідім. Таңертең қала әкіміне тиісті тапсырманы беріп, тексеріс жұмыстарын жүргізуді керегін айттым. Жалпы сырғанақ қауіпсіздік талаптарына сай жасалды ма, жасалмады ма сол тексеріледі, - деді Құмар Іргебайұлы.

Сонымен қатар әкім өңірдегі су мәселесі жөнінде сөз қозғады.

2022 жылы Қостанай облысы бойынша таза ауыз сумен қамтамасыз етілген азаматтар саны 80 пайыз еді. Ал бүгінгі таңда 77 жоба іске асып жатыр. Оның нәтижесінде 15 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Келесі жылдың аяғына дейін 90 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Келер жылы максималды жұмыс істеуге тырысамыз, - деді Құмар Ақсақалов.

Бұған дейін Қостанай облысының басшысы Жітіқарадағы 5 баланың неден қаза болғанын айтқан еді.

Сондай-ақ ол Ахмет Байтұрсынұлы ауылына апаратын жолдың қашан жөнделетінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы