Балалар еліміздің бас ұстазына хат жолдай алады
Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі "Министрге хат" акциясы басталғанын жария етті.
2025 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында республикалық "Министрге хат" акциясы өтеді. Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру. Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com. Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін.
Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
• баланың тегі мен аты;
• оқу орны;
• мекенжайы мен байланыс телефоны.
Акция қорытындысы бойынша Министр хаттармен жеке танысып, ең мазмұнды әрі шынайы хаттарға жеке жауап береді. "Министрге хат" — бұл әр баланың дауысы маңызды саналатын сенім мен құрмет алаңы.
Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс деген болатын.