Балалар әндерінің тұңғыш партитурасының таныстырылымы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім Академиясында балалар композиторы, мәдениет қайраткері, академияның аға ғылыми қызметкері Алтын Маханбетованың "Менің өлкем " атты балаларға арналған әндерінің эстрадалық-симфониялық оркестрге арналып өңделген партитуралар жинағының тұсау кесер рәсімі өтеді.
Алтынсарин атындағы академияның қолдауымен жарық көрген жинаққа автордың патриоттық тақырыптағы және бақытты балалық шақ тақырыбына арналған 30- әні енген.
Қазақстанда балалар әндерінің партитуралар жинағы тұңғыш рет жарық көріп отыр. Тұсау кесер рәсіміне ҚР композиторлар одағының төрағасы С.Әбдінұров бастаған кәсіби композиторлар және белгілі музыка мамандары, ғалымдар қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Заңға қайшы 5700-ден астам интернет-ресурс бұғатталды
Өзгелердің жаңалығы