Балаларды адам көп шоғырланатын жерге апармаған дұрыс - Біртанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов мәлімдеді.

Көп ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алдық. Бұл аурудың жеңіл симптомдары жеңіл өтуі тиіс. Бұл кәдімгі тұмауға ұқсайды, тек сәл күрделірек, мұндай болған жағдайда көп сұйықтық ішіп, қабынуға қарсы препараттар ішіледі, егер дене қызуы болса жедел жәрдем шақырған дұрыс. Ауыр формаларда вирусқа қарсы препараттар, бактерияға қарсы препараттар қолданылады. Бүгін бізде штаб жиналысы өтті, тиісті палаталар мен реанимациялық карантиндер дайын. Тағы бір рет қайталап айтамын балаларды да адам көп шоғырлатанатын жерге апармаған дұрыс, өздеріңіз де барынша оқшауланыңыздар, бөлмені желдетіңіздер, дене қызуын бақылаңыздар. Мүмкіндігінше үйде отырған дұрыс, - деді бас дәрігер.  
Естеріңізге сала кетейік, екі қазақстандықта коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, екеуі де Қазақстан азаматы. Ұшақпен келген адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылатын болады. Сырқаттар қазір Алматыда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы