Балағат сөзі үшін қамалған стендап-комик бостандыққа шықты

Қазақстандық стендап-комик Александр Меркуль бостандыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған болатын. 

Өнер иесі оның жағдайына бейжай қарамаған барша адамға алғысын айтты.

Мен үйдемін! Қолдау білдіргендеріңіз үшін барлығыңызға алғыс айтамын! Барлығыңызды жақсы көремін!, - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салсақ, өткен айда Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа сынды бірқатар қазақстандық әнші де ерсі қылығы үшін қамауға алынған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы