Балаға жыныстық сипатта тиіскен адам мектепте жұмыс істеуі мүмкін – Зәкиева
Бүгінде зорлық-зомбылық жане балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер өзекті. Осы ахуалды өзгерту үшін 16 маусымнан Әйелдер құкықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңға енгізілген түзетулерді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева түсіндірді.
Балаларға жыныстық сипатта тиісу бабын енгізіп жатырмыз. Себебі қазір жыныстық зорлық-зомбылыққа 5 бап бар. Бірақ осындай тиісуге жауапкершілік жоқ. Осындай әрекет жасаған адам кейін мектепке, балабақшаға жұмыс істеуге баруы мүмкін, - деді ол.
Сондай-ақ Зәкиева жас балаларға қатысты жасалған жыныстық зорлық-зомбылық үшін ғана өмір бойы бас бостандығынан айыруды қалдыру көзделгенін айтты.
Тергеу барысында балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар үшін адамды бірден қамауға алу қарастырылған. Сонымен қатар балаларға жасалған буллингке және баланы автобустан шығарып жіберуге әкімшілік жауапкершілік көзделген. Балаларға арналған мекемелерді лицензиялауға, инфрақұрылым қауіпсіздігіне қатысты нормалар бар, - деді маман.