+10

Балаға еркіндік бере отырып, шектеу қоя білу керек – психолог

Балаға еркіндік бере отырып, шектеу қоя білу керек – психолог

Отбасы психологі Ержан Мырзабаев "Альфа ұрпақ" жобасында жасөспірімдерге берілетін еркіндік шеңбері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үш жасар балаға таңертең таңдау бересіз. Балабақшаға бару керек. Бүгін ақ колготки киесің бе, қызыл колготки киесің бе, әлде көк колготки киесің бе? Бұл бір шеңбер, соның ішінен таңдай алады. "Колготки кимеймін, бүгін шортымен барамын" деп айта алмайды. Жасөспірім кезеңде "Мен достарыммен кездесем, туған күнге барамын" дейді. "Жақсы, бар. Ондай қалауың орынды. Бірақ кешкі сағат сегізге дейін бара аласың немесе түнгі сағат онда үйде болуың керек" деп шектеу бере аласыз, - деді ол.

Психологтың айтуынша, осы секілді таңдау мен шектеудің үйлесуі күнделікті өмірде көп кездеседі. Үй тапсырмасын қарау кезінде де "Түсте оқисың ба, әлде кішкене демалып, кешке оқисың ба?" деп баланың өзіне таңдау берілу керегін айтты. Бірақ Ержан Мырзабаев "Қазір оқы, дереу сабаққа отыр!" деген нұсқау екенін ескертеді.

Сондай-ақ бала сұраған немесе талап еткен нәрсені орындау кезінде негізгі төрт қағиданы ескеру маңызды екенін айтты:

1. Заңға қайшы болмау;

2. Қоғамдық нормаларға сай болуы;

3. Әдеп нормаларын бұзбауы;

4. Өзіне және өзгелерге зиян келтірмеуі тиіс.

Қазіргі таңда кейбір шенеуніктер мен танымал адамдардың балаларының тәртіп бұзып жатқанын жаңалықтардан көріп жүрміз. Бұл – кезінде оларға еркіндік берілгенімен, жауапкершілік үйретілмегенінің белгісі, - дейді Ержан Мырзабаев.

Бұған дейін психолог ата-ана баланың өзін бағалауына қалай әсер ететіні туралы айтқанын жаздық.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы