Балаға екпе саларда нені ескерген жөн. Дәрігер кеңесі

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының педиатр-дәрігері балаға профилактикалық екпе жасауға қалай дайындалуы туралы кеңес берді. 

Қоғамда тұратын әр азамат жұқпалы аурулардың өзіне сәйкес алдын алу бойынша вакцинация бар екенін білгені жөн. 

Бұл үшін Қазақстан иммунологтарымен ұлттық екпе жасау күнтізбесі әзірленген. 

№36 Қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Динара Қайыпова ата-аналарға екпе алар кезде балалары мен өздерінің көңіл-күйлерін позитив жағынан бастау туралы кеңес берді.

Сіздің көңіл-күйіңіз балаңызға беріледі. Осыған орай сіз өз балаңызды аса қауіпті жұқпалы аурудан сақтайсыз. Ал вакцинация - бұл ең мықты қорғаныс! Екпе жасау - адам ағзасына жұқпалы аурудың қоздырғышын иммундық жүйемен білуге болатын заттардан тұрады. Соның нәтижесінде қоздырғыштың қайта енуі кезінде бейтарап әсер беретін антидененің бөлінуімен иммундық жүйе дамиды, - дейді маман.

Балаңызды дәрігердің қабылдауы кезінде киімін оңай шешетіндей, жеңіл киіндіруге тырысыңыз. 

Динара Қайыпованың айтуынша, әр екпеден кейін қорытындыны бақылау міндетті емес. Сәбилер екі айлығында алатын ең бірінші АбКДС (Абсорбты клеткасыз көкжөтел, Дифтериялық сіреспеге қарсы вакцина) және тірі емес Пневмо (пневмонияға қарсы вакцина) вакцинаны алудың алдында бір мәрте қан және несеп талдауын жүргізсе жеткілікті.    

Содан кейін хирург және невропатолог секілді профилактикалық тексерістен өту қажет. 

Осы екпелерді салғаннан кейін педиатр сәбиді 3 күн аралығында бақылайды. Тірі әлсізденген қызылша анатоксинінен тұратын ҚП-құрама вакцинаны, эпидемиялық паротит және қызылша және ІПВ (ішетін полиомиелиттік вакцина) салғаннан соң дәрігер 10-11 күн аралығында 5-6 күн бақылауы қажет.

Бұл вакциналар сәбиге 1 жасында салынады. Екпе салынғанға дейінгі және одан кейінгі 5-7 күннің ішінде баланың тамақтану рационына аллергия беретін өнімдерді (конфет, шоколад, цитрусты, ашық түсті жеміс-жидектерді) кіргізбеу керек. Емізетін ананың тамақтану рационында аллергия әсерін беретін өнімдер болмауы керек. Әсіресе бұл түрлі созылмалы аурумен ауыратын балаларға қатысты. Шомылуға арналған жаңа заттарды қолданбаңыз, екпе жасалған күні және келесі екі күн суға шомылмау керек. Тазалық, кір жууға арналған жаңа заттарды қолданбаңыз, сондай-ақ мүмкіндік болса – жаңа дәрі-дәрмектерді ішпеңіз, - дейді дәрігер.

Баламен бірге екпе алғанға дейінгі бірнеше күн және апта бойы жұқпалы ауруларды жұқтыру көздері болып саналатын, көпшілік адам жиналатын орындарға (сауда орталықтары, балалардың ойын-сауық орталықтары, дәріхана) бармауға тырысыңыз. 

Таза ауада баланың өзін сезінуі жақсы болғанда ғана серуендеуге болады. 

Екпе алған күні таңертеңнен баланың дене қызуын өлшеп, аталмыш емшараны екпе алған күні кешке тағы қайталаңыз. Дәрігер күмәніңізді кетіріп қажетті ұсыныс беру үшін, өзіңізді толғандыратын сұрақтардың тізімін жазыңыз.    

Сіздің үйдегі дәрілер қобдишасында парацетамол немесе ибупрофен, антигистаминді препарат (фенистил) секілді қызуды түсіретін (сироп немесе шам түріндегі) дәрілер болу керек.  

Педиатр-дәрігердің айтуынша, екпеден соң реакция болуы мүмкін. Бірақ сирек кезедеседі. Екпенің ағымы 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін созылады және артынан салдары болмайтын көрінеді. 

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолыңызда. Балаларыңызға уақытында екпе жасалуына көмектесіңіз, сонда олар ғажайып Қазақстанымыздың денсаулығы мықты азаматы болып өседі, - дейді Динара Қайыпова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы