Балаева: Жолдауды іске асыруда көптеген міндет күтіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Астанадағы Egemen Qazaqstan газеті ғимаратында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылау мақсатында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
11 бағыттан тұратын жолдаудағы ең басты бағыт, ол елдің әл-ауқатын жақсарту. Президент Жолдауының ел дамуына жаңа серпін беретіні анық. Жолдау аясында ұйымдастырылатын шаралардың барлығы да қарапайым халықтың ертеңі үшін. Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында Абай атамыздың кезінде айтып кеткен даналық сөздерін бүгінгі заманмен байланыстырды. Яғни, адамдардың бойындағы теріс әдеттер туралы. Оның ішінде ысырапшылдық, дарақылық, жауапсыздық, салмағы жоқ салт пен дәстүр. Бұл теріс қылықтардың барлығынан біз толықтай арыла қойған жоқпыз, - деді Балаева.
Министрдің сөзінше, халықтың сана сезімін жаңғыртып, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қажет.
Сондықтанда Мемлекет басшысы айтып өткен жаңа қасиеттердің барлығын әрбір қазақстандық азаматтың өз бойына сіңіре білгені жөн. Жолдауды іске асыруда көптеген міндет күтіп тұр. Осы мақсатта бүгін ағарту өкілдерімен кездесіп, жұмысты қалай ұйымдастырамыз, қандай іс-шаралар қолданамыз және ақпарат жұмыстарының мазмұнын қалай өзгертеміз деген сұрақтарға жауап іздеп, талқыға салуды жөн санадық, - деді министр.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге еліміздің зиялы қауым өкілдерінен бөлек, БАҚ-ның басшылары мен өкілдері қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Курсты үздік бітірген мамандар ғана оқулық әзірлеуге жіберіледі
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы