Балаева жастарды белсенді болуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.

Талантты, білімді жасы көп елдің болашағы зор. Бүгінде елімізде қанша буын талапты да талантты жастар өсіп келеді. Елбасы айтқандай, бүгінгі жастар - кемел еліміздің болашағы. Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысында Елбасы елдіктің жеті тұғырын айтты. Белсенді де білімді жастарға Мәңгілік елді жалғастырудың тарихи миссиясын тапсырды, - деді Аида Балаева.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі айтқандай, тәуелсіздікті сақтау да, бәсекеге қабілетті қоғам құру да жастардың ерік-жігері мен білімі мен білігіне байланысты екенін айтты.
Бүгінгі форум қатысушыларын, елдің жастарын қашан да белсенді болуға шақырамын. Біз үшін сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдап, қажетті қолдау көрсетудің маңызы зор. Бүгінгі алып жатқан білімдеріңіз бен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар сіздердің алдағы өмірлеріңіздегі жоспар-жобаларыңызға мол пайдасын тигізеді деп үміттенмін, - деді ол.
Балаева жастардың елдің боашағы үшін аянбай еңбек етіп, ел дамуына қосатын үлесі артуын тіледі.
Біз еркін, тәуелсіз, қуатты елдің азаматы екенімізді мақтан тұтамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы