Балаева ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккатпен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккатпен кездесті.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында Аида Балаева Министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.


Сонымен қатар министр ведомство қызметкерлері 2021 жылғы 28 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның ақпаратқа қол жеткізу бойынша жоспарлаған тренингіне қатысатынын растады.


Естеріңізге сала кетейік, АҚДМ Қазақстан Республикасының Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.


Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы