Балаева ұлттық жоба туралы сұрақтарға жауап береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының түсірілімі қайта басталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өз парақшасында жазды.

Өкінішке орай, елдегі пандемиялық жағдайдың әсері негізгі жоспарымызға әсерін тигізбей қоймады. Түсірілім тобының мүшелері бірінен кейін бірі ауырып тұрды. Менің де ем қабылдап, үзіліс алуыма тура келді. Бүгін міне толық құрамда жұмысымызды қайта бастап отырмыз. Келесі бағдарламада «Ұлтық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы туралы сұрақтарға жауап беремін. Одан кейінгі кезекте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзырына кіретін басқа да өзекті тақырыптарды талқылайтын боламыз. Алдағы уақытта ешқандай тосын үзіліссіз жұмыс жасаймыз деп үміттемін - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы