Балаева түрлі мәселелермен жүгінген 12 адамды қабылдады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қабылдау барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берілген шараларды қабылдауға қатысты мәселелер қаралды.
Министрмен кездесуде азаматтық сектор өкілдері қоғамдық қызметті дамыту, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» фестивалін ұйымдастыру, ескерткіштер орнату, шығармашылық ұжымдардың мерейтойын атап өту, журналистердің құқықтары мен Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
Министр түрлі мәселелер бойынша жалпы 12 адамды қабылдады.
Аида Балаева барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап беріп, айтылған ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.