Балаева Тоқаевқа министрлікті қайта құру нәтижелері жайында есеп берді
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.
Аида Балаева:
➤ министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді;
➤ креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық ерлер командасы шахматтан қола медаль жеңіп алды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы